«Химиялық технология» журналы»

«Химиялық технология» журналы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде  тіркелген, 31.10.2025 жылғы № KZ00VPY00133404 куәлігі бар «ҚазТБУ Хабаршысы» - ISSN (Print) 2708 - 4132, ISSN (Онлайн) 2663 - 1830 журналының заңды жалғасы болып табылады.

«Химиялық технология» журналы- жылына төрт рет үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын ашық, екі реттік жасырын рецензияланатын журнал.

Журналдың құрылтайшысы және басып шығарушысы «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ болып табылады.

Журналдың мақсаты - химиялық технология саласындағы, экология, нанотехнология және материалтану салаларындағы қолданбалы зерттеу нәтижелерін тәжірибеде алмасу және жариялау. 

Журналдың міндеті – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін озық, қауіпсіз, таза, тұрақты, химиялық және экологиялық технологияларды әзірлеу, ластануды бақылау, алдын алу, қоршаған орта және химиялық инженерияда қолдану арқылы әсер ету және тәуекелді бағалау әдістерін әзірлеу бойынша бірегей және инновациялық зерттеулерді жариялау алаңына айналу; қалдықтармен жұмысты жүзеге асыру, оны басқару және қайта өңдеу, экологиялық, химиялық және энергетикалық қолданбаларға арналған жаңа материалдар дайындау, экологиялық қауіпсіздік тұрақтылығын сақтау, жасыл химиядағы соңғы әзірлемелер бойынша алаңдаушылық тудырып отырған  ластаушы заттармен бірегей жұмыстар жүргізу, тұрақты химиялық заттар мен басым қолданылатын заттар, соның ішінде микропластиктер, нанопластика, наноматериалдармен жұмыс түрлерін жүйелеу және залалсыздандыру.

Журнал қызметінің маңызды бағыты инновациялық өнімдерді әзірлеуге және өндіріске енгізуге қабілетті жас мамандар мен жаңашыл мамандарды дайындауға қолдау көрсету болып табылады.

Журнал Open Science ұстанымдарын, зерттеулердің цифрлық ашықтығын, жариялау этикасының халықаралық стандарттарын пайдалануды қолдайды және халықаралық ғылыми-метрикалық деректер базасында жарияланған ғылыми еңбектерді индекстеу және сілтеме жасау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Журналдың тақырыптық бағыты - Химиялық инженерия, ең жақсы қолжетімді технологиялар, экологиялық таза технологиялар, нанотехнологиялар, материалтану.

 Бастапқы есепке қою күні мен нөмірі: 07.02.2014. 14139-Ж.

Журнал жылына төрт рет шығады.

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.