Инструкция по отзыву или исправления статей

Халықаралық жариялау этикасы комитетінің (COPE) және Ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының (АНРИ) ұсыныстарына сәйкес, ретракция ұғымы жарияланған ақпаратты түзету және оқырмандарға басылымда елеулі кемшіліктер немесе сенім білдіруге болмайтын қате деректер бар екенін ескерту механизмін білдіреді.

Редакция алқасының мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, өзін-өзі плагиат, авторлардың өзін-өзі шамадан тыс бағалауы, мүдделер қақтығысының белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақаланы жазу кезінде жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаттары бұзылған жағдайда, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқа шешімінің негізінде басылымның ретракциясын жүргізуі тиіс.    Мақалалар автормен (авторлармен) немесе журналдың редакциясымен кері қайтарылып алына алады. Редакция СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда жарияланған мақалаларды алып тастауды (ретракциялауды) жүзеге асырады.

Мақала қайтарып алынған / алып тасталған (ретрагирленген) жағдайда:

- жарияланымда қисынсыз алмасымды (плагиат) анықтау;

- мақаланың басқа басылымдарда қайталануы;

- жұмыста осындай фактілердің нақты дәлелдері мен ғылыми дәлелдемелері болған кезде зерттеу нәтижелерінің бұрмалануын немесе ойдан шығарылуын анықтау;

- жұмыста оның ғылыми құндылығына күмән келтіретін және басқа ғалымдардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін елеулі қателіктерді  табу (мысалы, нәтижелерді дұрыс түсіндірмеу);

- үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдардың пайда болуы;

- мүдделер қақтығысы (және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтары) жасырылғанда;

- мақаланы автордың келісімінсіз қайта жариялау.

Мақаланы кері қайтарып алу (алып тастау) процедурасының бастамашысы ретінде келесілер болуы мүмкін:

- мақаланы қайтарып алу туралы журналдың редакциясына жазбаша дәлелді өтініш жіберетін мақаланың авторы (лары);

- журнал редакциясы;

- журнал редакциясына сұрау жіберген басқа журналдың редакциясы;

- мақаланың авторы(лары) ғылыми этиканы бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынған өзге де тұлғалар (мысалы, мүдделер қақтығысына қатысушылар).

Мақаланы жарияланымнан кері қайтарып алу (ретракциялау) басылымның кез келген сатысында, ескіру мерзімінсіз жүргізілуі мүмкін.

Ретракция өз сараптамасы немесе сыртқы сараптама немесе редакцияға келіп түскен ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған жағдайларда журналдың редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарылып алынуы/алып тасталуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін басылымнан мақаланы ретракциялау туралы акт жасалады, оны бас редактор растайды және қол қояды. Мақаланың хат-хабарлары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.

Осыдан кейін журналдың сайтында себептерін көрсете отырып, мақала ретрагирленген деп белгіленеді. Редакция мақаланы алып тастау (ретракциялау) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақалаға алып тастау (ретракциялау) жүргізілген рәсімінен кейін, журналдың кейінгі санында ақпаратты орналастырады.

Кері қайтарып алғаннан кейін мақала журналдың сайтында кері қайтарып алу себептерін нақты көрсете отырып, кері қайтарып алынған деп белгіленеді. Редакция сонымен қатар журналдың басты бетінде кері қайтарып алу туралы хабарлама жариялайды және қайтарып алынған мақала туралы толық ақпаратты келесі нөмірге енгізеді.

Журналдың редакциясы жарияланған басылымдарда анықталған бұзушылықтар туралы барлық негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарастырады.

Материалды жариялағаннан кейін қателіктер мен бұзушылықтар туралы авторлар мен рецензенттердің өздері редакцияға мүмкіндігінше жедел хабарлануын редакция жауапкершілік пен міндет деп санайды.