Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 122

КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ: ҚАЗАҚСТАН, ЕО, ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ АҚШ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • А.Б. Бекмагамбетов

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0000-0002-4334-4781
  • А.М. Рахметова

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0000-0002-0008-4887
  • Э.А. Кульмагамбетова

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0000-0002-7799-3974
  • Г.К. Алшынбекова

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0000-0001-5143-2338
  • Е.И. Сарыбаева

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0000-0003-3046-6111
  • Р.А. Токатова

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК
    https://orcid.org/0009-0004-3759-2422
  • Mohamed Rifky

    Шығыс Университеті
    https://orcid.org/0000-0001-5470-4589

Кілтті сөздер

химиялық факторлар, химиялық өндіріс, ұжымдық қорғау құралдары, кәсіби тәуекел, тәуекелге бағдарланған тәсіл, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар, еңбекті қорғау

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ: ҚАЗАҚСТАН, ЕО, ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ АҚШ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. (2026). Химиялық технология, 1(32). https://doi.org/10.58805/ct.V.1(32)-15

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында, Еуропалық одақта, Германияда және АҚШ-та химия өнеркәсібі жұмысшыларын химиялық факторлардың әсерінен қорғаудың ұжымдық қорғау құралдарын (ҰҚҚ) қолдануды нормативтік-құқықтық реттеуді салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі химиялық өндірістегі заттардың улылығы, өрт және жарылыс қауіптілігімен байланысты жоғары кәсіби тәуекелдермен, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан болатын елеулі әлеуметтік және экономикалық шығындармен айқындалады.
Осы зерттеудің мақсаты – Еуропалық одақтың, Германия Федеративтік Республикасының, АҚШ-тың және Қазақстан Республикасының тәсілдерін ескере отырып, химиялық факторлардың әсерінен болатын кәсіби тәуекелдердің алдын алудағы ұжымдық қорғау құралдарының рөліне салыстырмалы нормативтік-құқықтық талдау жүргізу болып табылады.
Нәтижелер барлық қарастырылып отырған жүйелердің қауіпті заттардың әсерін тәуекелдерді басқару арқылы алдын алуға бағытталғанын көрсетеді, алайда ҰҚҚ-ның жобалау мен пайдалануға кіріктірілу дәрежесі әртүрлі. ЕО-да және Германияда қорғаныш шаралары жобалау сатысында іс-әрекет басталғанға дейін міндетті тәуекелдерді бағалау негізінде қаланады, инженерлік және ұжымдық шешімдерге басымдық беріледі. АҚШ-та стандарттар нақты технологиялық процестерге қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі белгілеп, қауіптерді талдауды және инженерлік тосқауылдарды қолдануды талап етеді. Қазақстан өтемдік модельден тәуекел-бағдарланған модельге көшу сатысында, бірақ тәуекелдерді бағалаудың жобалаумен және цифрлық мониторингпен байланысы әлі жеткілікті дамымаған.
Талқылау қорғаныш шаралары иерархиясында ҰҚҚ-ның басымдығын күшейту, автоматтандырылған бақылау жүйелері мен интеллектуалды мониторингті қолдануды кеңейту, сондай-ақ химиялық фактордың түріне, технологиялық процеске және әсер ету деңгейіне байланысты ҰҚҚ таңдау критерийлерін әзірлеу қажеттілігін анықтайды.
Қорытындылар қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарды негіздейді: герметизацияға, желдетуге, газды талдауға, автоматтандыруға және авариялық жүйелерге қойылатын талаптармен нормативтерді толықтыру, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау нәтижелерін өндірістерді жобалауға және жаңғыртуға кіріктіру. Қорғаныш құралдарының формальды түрде болуынан нақты химиялық тәуекелдер кезінде олардың 
нақты тиімділігін бағалауға көшуді ұсынылады, бұл ISO 45001 және ISO 31000 халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.