Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 72

ПОЛИПРОПИЛЕН ЖӘНЕ ОДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ УФ-ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Кілтті сөздер

полипропилен, УФ-тұрақтандырғыштар, полимерлердің деградациясы, фотоқартаю, HALS-тұрақтандырғыштар, механикалық қасиеттер, модификация

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ПОЛИПРОПИЛЕН ЖӘНЕ ОДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ УФ-ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. (2026). Химиялық технология, 1(32). https://doi.org/10.58805/ct.V.1(32)-1

Аңдатпа

Бұл жұмыста экструзия әдісімен алынған және кейіннен бағдарланған полипропилен жіптері, матасы және клапанды-қорапты қаптардың физика-механикалық қасиеттеріне әртүрлі УФ-тұрақтандырғыштардың әсері зерттелді. 
Полимерлердің фотооксидтік деградациясының механизмдері және стерикалық тұрғыдан тежелген аминдер (HALS) мен УФ-абсорберлер негізіндегі жарық тұрақтандырғыштардың әрекет ету принциптері қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде полипропилен композициясына енгізілген үш өнеркәсіптік жарық тұрақтандырғыш қолданылды. 
Үлгілердің қасиеттері жеделдетілген УФ-қартаюға дейін және одан кейін (168 және 336 сағат) беріктік, үзілу кезіндегі ұзару, сызықтық тығыздық және қалдық шөгу 
көрсеткіштері бойынша бағаланды. Зерттеу нәтижесінде тұрақтандырғыштардың тиімділігі айтарлықтай ерекшеленетіні анықталды: фотодеструкцияға ең жоғары төзімділікті UV 5010 PE тұрақтандырғышы көрсетті, ал POL PE 920052-UV қайта өңдеу процесінің ең жоғары технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етті. POL PE 920052-UV концентрациясының 1–2 % диапазонындағы әсерін зерттеу оның құрамын арттыру нитьтің сызықтық тығыздығы мен бұйымдар массасының өсуіне алып келетінін көрсетті, бұл ретте нитьтің салыстырмалы ұзаруы төмендеп, қаптардың дәнекерленген түбінің беріктігі азайды. Зерттелген концентрациялар диапазонында көрсеткіштердің ең қолайлы үйлесімі POL PE 920052-UV тұрақтандырғышының 1 % мөлшерінде алынды.
Алынған нәтижелер полипропиленді қаптама өнімдерін әзірлеуде және өнеркәсіптік өндірісте қолданылуы мүмкін.